"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ МЕН "NIAK" (ИРАН) КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Ағымдағы аптаның маңызды оқиғаларының бірі "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ мен "Niak" (Иран) компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болып табылады. Кездесу "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында өтті. Компанияның Бас директоры Хоуман Баят Монучехрмен келіссөз барысында, "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы АЭА қызметімен таныстырып, фармацевтикалық өнімдер мен бұйымдардың тізімін ұлғайта отырып бірінші кезеңде дезинфекциялық құралдарды шығару бойынша жобаны іске асыру, компанияны АЭА қатысушысы ретінде тіркеу туралы келісімге қол жеткізіліп, АЭА аумағында жобаны орналастыру орны анықталды. Жоба 4-кезеңде іске асырылады, инвестициялардың жалпы көлемі 40 млн. АҚШ долларын құрайды, 100-ге дейін жаңа жұмыс орындары құрылады.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 163